Новости компании

Қазақстан IMD-2017 Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 32-орынды иеленді 01.06.2017

Қазақстан IMD-2017 Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 32-орынды иеленді

Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы 2017 жылғы Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінің нәтижелерін жариялады.
IMD рейтингі кешенді зерттеудің нәтижесі болып табылады, онда экономикалық қызмет, үкіметтің тиімділігі, бизнес тиімділігі және инфрақұрылым сияқты факторлар бағаланады. Жылдық 342 көрсеткішті қамтиды, оның 2/3-і статистикалық деректерге және 1/3-і сауалнама деректеріне негізделген.
2017 жылы әлемнің 63 елі қатысты. Ең бәсекеге қабілетті елдер болып Гонконг, Швейцария және Сингапур танылды.
2017 жылғы зерттеудің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы 32 орынды иеленіп, 2016 жылмен (47-орын) салыстырғанда 15 орынға көтерілді, бұл жалпы елдің әлемдік рейтингтегі ұстанымының жақсарғанын растайды.
«Экономикалық қызмет» факторы бойынша Қазақстан 2 орынға төмендеп, 54-орынды иеленді. Ұстанымның нашарлауы үш қосалқы фактор бойынша ұстанымның төмендеуімен түсіндіріледі: «Халықаралық сауда» (62-орын, 4 орынға төмендеу), «Жұмыспен қамту» (32-орын, 10 орынға төмендеу) және «Бағалар» (53-орын, 9 орынға төмендеу). «Ішкі экономика» (40-орын, 11 ұстанымға жақсару) және «Сыртқы инвестициялар» (18-орын, 6 ұстанымға жақсару) қосалқы факторлары бойынша жақсару байқалады.
«Үкіметтің тиімділігі» факторы бойынша ел 12 орынға көтеріліп, 19-орынды иеленді. Ұстанымның едәуір жақсаруы, іс жүзінде «Фискалдық саясат» (10-орын, 1 ұстанымға жақсару) және «Қоғамдық құрылым» (30-орын, өзгеріс жоқ) қосалқы фактоларынан басқа, барлық факторлар бойынша байқалады. Осылайша, Қазақстанның қосалқы факторлар бойынша ұстанымдары мынадай жолмен орналасты: «Мемлекеттік қаржы» (4-орын, 47 ұстанымға жақсару), «Институционалдық орта» (46-орын, 5 ұстанымға жақсару) және «Бизнес туралы заңнама» (22-орын, 10 орынға жақсару).
«Бизнес тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан ұстанымының 44-тен 23-орынға жақсарғаны байқалады. Осы қосалқы фактор бойынша барлық құрамалары бойынша жақсару орын алды. Қазақстанның «Менеджмент практикасы» (14-орын, 32 ұстанымға жақсару), «Қатынастар мен құндылықтар» (11-орын, 21 ұстанымға жақсару), «Өнімділік пен тиімділік» (38-орын, 15 ұстанымға жақсару) және «Еңбек нарығы» (7-орын, 15 ұстанымға жақсару) қосалқы факторлары бойынша ұстанымдары едәуір жақсарды.
«Инфрақұрылым» факторы бойынша ұстанымның 5 орынға – 48-ден 43-орынға жақсарғаны байқалады. Төрт қосалқы фактор бойынша жақсару орын алды – «Базалық инфрақұрылым» – 32-орын (10 ұстанымғам жақсару), «Технологиялық инфрақұрылым» – 43-орын (4 ұстанымға жақсару), «Денсаулық сақтау және қоршаған орта» – 53-орын (2 ұстанымға жақсару) және «Білім беру» – 35-орын (9 ұстанымға жақсару). Ұстанымдардың төмендеуі «Ғылыми инфрақұрылым» қосалқы факторы бойынша байқалады – 49-орын (1 ұстанымға нашарлау).
Сұхбаткерлердің пікірінше, Қазақстан Республикасы экономикасының ең тартымды бес факторларының қатарына: стратегиялық тұрақтылық және жағдайдың болжамдығы (62,2%), қолайлы бизнес ортасы (53,8%), ұтымды салық салу жүйесі (43,7%), экономиканың динамикалығы (сұхбаткерлердің 42,0%-ы) және тиімді еңбек қатынастары (37,0%) жатады.
Қазақстан Республикасы бұл рейтингке алғаш рет 2008 жылы қатысты, IMD-ның Қазақстандағы серіктесі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ болып табылады.
Рейтинг нәтижелерімен толығырақ Халықаралық менеджментті дамыту институтының ресми сайтынан танысуға болады:http://www.imd.org/wcc/.
______________________________

IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілік орталығы алғаш рет осы жылы жеке есебін жариялайды, онда елдердің цифрлық бәсекеге қабілеттілігі бағаланады. Технология мен ғылыми инфрақұрылымға арналған индикаторлар жалпы рейтингке әлдеқашан енгізілген. Сонымен бірге, жаңа Цифрлық технологиялардың бәсекеге қабілеттілігі рейтингіне елдердің мемлекеттік саясатты, бизнес-модельдерді және жалпы қоғамды өзгертуге әкелетін цифрлық технологияларды енгізу мен зерттеу қабілетін бағалау үшін бірқатар өлшемдер енгізіледі.
Цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингі – бұл IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілік орталығының 2017 жылы алғаш рет жыл сайынғы Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингімен бірге жарияланған жаңа есебі. Технологиялар саласындағы деректер мен өлшемдер орталыққа жаңа цифрлық рейтингті құруға мүмкіндік берген негізгі рейтингтің үнемі бір бөлігі болды. 2017 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы 38-орынды иеленіп, 2016 жылмен салыстырғанда 5 орынға көтерілді.
Сингапур, Швеция, АҚШ, Финляндия, Дания, Нидерланды, Гонконг АӘА, Швейцария, Канада және Норвегия 2017 жылдың бірінші рейтингінде алғашқы ондыққа кіреді.
Рейтинг IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілік орталығымен 1989 жылдан бастап жыл сайын жүргізіліп келеді және елдердің бәсекеге қабілеттілігін жыл сайын жетекші бағалау ретінде кеңінен танылады. 2016 жылы алғашқы ондыққа Гонконг АӘА, Швейцария, АҚШ, Сингапур, Швеция, Дания, Ирландия, Нидерланды, Норвегия және Канада кірді.

Возврат к списку